NEWS

«Школа МегаПро» халықаралық семинары

17 маусым 2026 0

2026 жылғы 17 маусымда Қазақстан-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) өткен «Школа МегаПро» халықаралық семинарына университеттің ғылыми кітапхана қызметкерлері онлайн форматта қатысты. «Дата Экспресс» компаниясының арнайы шақыруымен кітапханалық ақпараттық қызметті цифрландыру бөлімінің меңгерушісі Салтанат Жеңісқызы Садуахасова семинарға офлайн форматта қатысып, «Цифровая трансформация научной библиотеки Кызылординского университета имени Коркыт Ата» тақырыбында баяндама жасады.

Салтанат Жеңісқызы өз баяндамасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылыми кітапханасында АИБС «МегаПро» жүйесін енгізу және пайдалану бойынша жинақталған тәжірибемен бөлісті. Әріптесіміздің халықаралық деңгейдегі семинарға қатысып, «МегаПро» бағдарламасын әзірлеуші мамандармен бірге тәжірибе алмасуы – университетіміздің ғылыми кітапханасы үшін үлкен жетістік әрі зор мақтаныш.

Семинар барысында білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы кітапханаларды автоматтандыру мен цифрландырудың өзекті мәселелері, заманауи цифрлық технологияларды тиімді пайдалану жолдары және кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды. Қатысушылар инновациялық идеялармен танысып, кітапхана қызметін жетілдіруге бағытталған ақпараттармен тәжірибе алмасты.

Мұндай кәсіби кездесулер кітапхана мамандарының біліктілігін арттыруға, озық тәжірибелерді меңгеруге және халықаралық әріптестік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған мазмұнды семинарды ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!