NEWS

«Кітап оқитын ұлт» марафоны – білім мен руханиятқа бастар жол

10 қыркүйек 2026 0

Университет білім алушылары арасында «Кітап оқитын ұлт» марафонын таныстыру және оның маңызын насихаттау мақсатында ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Кездесулер барысында жастарға марафонның мақсаты, негізгі бағыттары, қатысу тәртібі мен шарттары туралы толық ақпарат берілді.

Марафонның негізгі мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, тұрақты оқу дағдысын қалыптастыру, ұлттық және әлемдік әдеби мұраларды насихаттау, білім алушылардың рухани-танымдық дүниетанымы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Марафонның негізгі бағыттары:

Көркем әдебиет оқу;

Ұлттық әдеби мұраны насихаттау;

Әлем әдебиетімен танысу;

Ғылыми-көпшілік және танымдық әдебиеттер оқу;

Оқылған шығарма бойынша пікір мен кітап шолуын әзірлеу;

Кітап туралы бейнероликтер мен шығармашылық жұмыстар дайындау;

Әдеби кездесулерге, пікірталастар мен зияткерлік сайыстарға қатысу.

Барша білім алушыларды «Кітап оқитын ұлт» марафонына белсенді қатысып, кітап оқу арқылы білім көкжиегін кеңейтуге шақырамыз!