Бірінші курс студенттеріне кітапхана ресурстары таныстырылды
Университет кітапханаларында бірінші курс білім алушыларына ақпараттық-таныстыру жұмыстары өткізілді.
Студенттер кітапхана қоры мен қызметтері, «МегаПро» электрондық каталогы, РМЭБ, IPR SMART, ЭПИГРАФ және т.б. электрондық кітапханалар арқылы қажетті оқу және ғылыми әдебиеттерді іздеу жолдарымен танысты.
Кездесу білім алушылардың кітапхана ресурстарын тиімді пайдалану және ақпаратты өз бетінше іздеу дағдыларын дамытуға бағытталды.




