«Шымкент–Торғай» тарихи-танымдық экспедициясы аясындағы тағылымды кездесу
«Шымкент–Торғай» тарихи-танымдық экспедициясына қатысушы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылыми кітапханасына арнайы келіп, оның қызметімен, кітап қорымен және заманауи ақпараттық ресурстарымен танысты.
Кездесу барысында қонақтар кітапхананың оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдауға бағытталған мүмкіндіктерімен танысып, тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің 80 жылдық мерейтойына орай жарық көрген мерейтойлық кітабын университеттің ғылыми кітапханасына сыйға тартты.
Қонақтарға алғысымызды білдіріп, тарихи-танымдық экспедиция жұмысына сәттілік тілейміз!
