«Кітап. Тарих. Шежіре» сирек кездесетін әдебиеттер көрмесі
Білім алушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи сананы қалыптастыру және рухани мұраға деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Кітап. Тарих. Шежіре» атты сирек кездесетін әдебиеттер көрмесі таныстырылды.
Көрме барысында қатысушылар университет кітапханасының қорындағы сирек басылымдармен, құнды қолжазбалармен және тарихи маңызы зор әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар халқымыздың тарихы, мәдениеті мен шежіресін қамтитын еңбектер туралы мағлұмат алып, өткеннің рухани мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік алды.
Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, тарихи-танымдық көзқарасын кеңейтуге ықпал етеді.
