ОҚЫДЫМ, ТҮЙДІМ, БӨЛІСТІМ: TED Talk форматындағы оқырманмен кездесу
Кітапханада ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – оқылған шығармалардан түйген ой-пікірлерімен бөлісу арқылы оқырмандардың рухани және интеллектуалдық дамуына ықпал ету.
Шара барысында қатысушылар өздері оқыған кітаптардан алған әсерлерін ортаға салып, авторлардың идеялары мен шығармаларындағы тағылымды тұстары туралы ой бөлісті. Әрбір кітап жаңа көзқарас қалыптастырып, әрбір пікір тың идеяларға жол ашты.
Кездесу барысында қызықты талқылаулар өрбіп, оқырмандар өзара тәжірибе алмасып, білім көкжиектерін кеңейтті. Мұндай басқосулар кітапқа деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, сыни ойлау мен еркін пікір алмасу мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.
Кітап оқып қана қоймай, шығармадан түйген құндылықтарды өзгелермен бөлісу – білімді тереңдетудің және тұлғалық дамудың тиімді жолы.
