NEWS

«Ғалымдар еңбегі – ғылымға бастар жол»

15 маусым 2026 0

«Open Space» кітапханасында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ғалымдарының ғылыми еңбектеріне арналған арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде университет ғалымдарының әр жылдары жарық көрген ғылыми еңбектері, оқу құралдары, монографиялары мен зерттеу жұмыстары білім алушылар мен оқырмандар назарына ұсынылды.

Көрменің мақсаты – университет ғалымдарының ғылыми жетістіктерін насихаттау, олардың білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесін таныту, ғылыми еңбектерін кеңінен дәріптеу және жас зерттеушілердің ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

Кітап көрмесі оқырмандарға университет ғалымдарының ғылыми еңбектерімен танысып, олардың ғылым саласындағы ізденістері мен жетістіктерінің маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.