Оқы, талда, бөліс
«Open Space» кітапханасында гуманитарлық-педагогикалық институтының білім алушыларының қатысуымен «Оқы, талда, бөліс» атты кітапқа подкаст форматында ерекше шара өтті.
Кездесудің басты мақсаты – жастарды кітап оқуға ынталандыру, оқу мәдениетін қалыптастыруды дамыту және заманауи форматта еркін пікір алмасу алаңын қалыптастыру.
Подкаст форматында ұйымдастырылған шара барысында студенттер оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісіп, өзара қызықты ой-пікірлермен алмасты. Сонымен қатар, әдеби шығармалардың тәрбиелік және танымдық маңызы жайлы мазмұнды әңгіме өрбіді.
Бұл кездесу білім алушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, өз ойын ашық әрі еркін жеткізуіне мүмкіндік берді. Шара жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятып, рухани дамуына серпін берген тағылымды басқосу болды.
Кітап – білімнің бастауы, ал оны талқылау – жаңа ойлардың қайнар көзі!
