ANNOUNCEMENT

Ғылыми кітапхана қоры жаңа оқу құралымен толықты

03 маусым 2026 0

Инженерлі-технологиялық институтының «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры, PhD Н.Б.Ермұханова және аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты З.А.Баймахановамен авторлық бірлестікте шығарылған еңбегін университеттің ғылыми кітапханасына сыйға тартты.

Оқу құралында техносферадағы табиғи және техногендік сипаттағы қауіп көздерін модельдеу мәселелері жан-жақты қарастырылған. Еңбекте жер сілкінісі, су тасқыны, дауыл, өрт, радиациялық, химиялық және гидродинамикалық авариялар мен жарылыстарды болжау және бағалау әдістері қамтылған.

Сонымен қатар, адамдар жаппай шоғырланатын нысандарды төтенше жағдайлардан қорғаудың математикалық модельдері ұсынылған. Бұл оқу құралы студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және сала мамандарына қауіпсіздік мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік береді.