ANNOUNCEMENT

Құрылыс саласына арналған жаңа оқу құралы кітапхана қорында

04 шілде 2026 0

Инженерлі-технологиялық институтының «Сәулет және құрылыс өндірісі» білім беру бағдарламасының профессоры, т.ғ.д., Үдербаев Сәкен Сейтқанұлы авторлық «Құрама темірбетон бұйымдары және құрастырылымдарының технологиясы» атты оқу құралын университеттің ғылыми кітапханасына сыйға тартты.
Оқу құралында құрама темірбетон бұйымдары және құрастырылымдарының технологиясы қарастырылған. Ұсынылып отырған оқу құралында бұйымдарды қалыптау әдістерінің жіктелуі, бетон араласпаларын қалыптау және нығыздаудың физика-механикалық негіздері, бетон араласпасын төсеу және бөлу қарастырылған. Сонымен қатар қалыпты дайындау, қалыптарды майлау мен майлауға қойылатын талаптардың ерекшелігі көрсетілген.
Аталған еңбек құрама темірбетон бұйымдары және құрастырылымдарының технологиясы саласында құрылыс жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына арналған.