ANNOUNCEMENT

Ғалымдардың жаңа оқу-әдістемелік еңбегі кітапхана қорын толықтырды

12 тамыз 2026 0

Жаратылыстану институтының «Биология, география және химия» білім беру бағдарламасының оқытушысы, биология ғылымдарының докторы, профессор С.Ж. Ибадуллаева және докторанттар Ф.С. Есеналиева, А.Ә. Ниязбек авторлық бірлестікте жарық көрген «ОРТА МЕКТЕП БИОЛОГИЯ КУРСЫН ОҚЫТУДА ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» атты оқу құралын университеттің ғылыми кітапханасының қорына сыйға тартты.

Оқу-әдістемелік құралда орта мектептің 10-сыныбы мысалында биология курсында метапәндік және soft skills негізінде құзыреттіліктерді қалыптастыруға арналған теориялық материалдар мен тапсырмалар жиынтығы берілген. Аталмыш оқу-әдістемелік құралда 10-сынып материалы толығымен қамтылып, ұзақ мерзімді жоспар негізінде тапсырмалар ұсынылған.

Оқу-әдістемелік құралды негізінен жоғары оқу орындарының жаратылыстану факультеттерінде биология мамандығы бойынша білім алатын студенттер, сонымен қатар орта мектептегі биология пәнінің мұғалімдері пайдалана алады.