Университеттің ғылыми кітапханасы жаңа оқу құралымен толықты
Жаратылыстану институтының «Биология, география және химия» білім беру бағдарламасының ғалымдары – биология ғылымдарының докторы, профессор С.Ж. Ибадуллаева және биология ғылымдарының магистрі М.Б. Абишева авторлық бірлестікте жарық көрген «HUMAN AND ANIMAL PHYSIOLOGY» атты оқу құралын университеттің ғылыми кітапханасына сыйға тартты.
Оқу құралында адам және жануарлар физиологиясының маңызды мәселелері қарастырылып, бөлініп алынған мүшелердің (бауыр, жүрек, сүт безі және т.б.) перфузиялану ерекшеліктері, олардың изотониялық ерітінділерде сақталуы және тіршілік ету мерзімін ұзарту факторлары жан-жақты сипатталған.
Бұл еңбек биология ғылымын терең меңгеруге ұмтылатын студенттерге, магистранттарға, жас зерттеушілер мен оқытушыларға арналған құнды ғылыми-әдістемелік басылым болып табылады.