Ғылыми кітапхана қоры жаңа авторлық монографиямен толықты
Инженерлік-технологиялық институтының «Сәулет және құрылыс өндірісі» білім беру бағдарламасының оқытушысы, техника ғылымдарының докторы, профессор С.С. Удербаев «Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өсімдік қалдықтары негізіндегі арболит» атты авторлық монографиясын университеттің ғылыми кітапханасына сыйға тартты.
Монография Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өсімдік қалдықтарынан алынатын шикізат компоненттерін дайындау кезінде арболиттің сапасын арттырудың электрмеханохимиялық тәсілдерін зерттеуге арналған. Ғылыми еңбекте жергілікті шикізатты ұтымды пайдалану, құрылыс материалдарын өндіру технологияларын жетілдіру және олардың пайдалану сипаттамаларын арттыру мәселелері қарастырылған.
Басылым инженерлік-техникалық қызметкерлер, ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандары, оқытушылар, сондай-ақ құрылыс және техникалық бағыттарда білім алатын студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін маңызды ғылыми әрі практикалық еңбек болып табылады.