ANNOUNCEMENT

The Scientific Library’s collection has been enriched with a new textbook on water management and land reclamation

12 June 2026 0

Инженерлі-технологиялық институтының «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, PhD Олжабаева Ақсәуле Оңдасынқызы авторлық бірлестікте жарық көрген «СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН МЕЛИОРАЦИЯҒА КІРІСПЕ» атты оқу құралын университеттің ғылыми кітапханасына сыйға тартты.

Оқу құралында қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен сабақтастырылған мелиорацияның заманауи әдістері мен тәсілдері жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар, су шаруашылығы саласындағы заңнамалар мен нормативтік құжаттарға талдау жасалып, Қазақстандағы су шаруашылығының қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары ұсынылған.

Аталған еңбек су ресурстары саласындағы білім алушыларға, магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ сала мамандары үшін құнды ғылыми-әдістемелік басылым болып табылады.